ДСМ кесарь тілігі тарифін қымбаттатып, миллиардтаған қарыздан құтылған

0
239

Минстрліктегілердің айтуынша, бұл шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруға және қаржыландыруда тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.


ДСМ кесарь тілігі тарифін қымбаттатып, миллиардтаған қарыздан құтылған

ERNUR.KZ. 2024 жылы медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 133 млрд теңгеден 75 млрд теңгеге дейін азайды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Министрлік перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларының қарыздарын едәуір төмендетуге босандыру және бала кезіндегі тарифтердің өсуі мүмкіндік бергенін атап өтті. Және оның маңызды қадам болға айтылды.

“Өткен жылы кесарь тілігін қоса алғанда, күрделі босануды қабылдауға арналған тарифтер 60%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған тарифтер 35%-ға өсті. Неврология, аллергология, ревматология кіретін балаларға медициналық көмек көрсететін барлық бейінді қызметтер бойынша тарифтер орта есеппен 52%-ға көтерілді”, делінген министрліктің ақпаратында.

Минстрліктегілердің айтуынша, бұл шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруға және қаржыландыруда тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Яғни Денсаулық сақтау министрлігі қатаң қаржылық тәртіп, тарифтерді қымбаттату арқылы медициналық ұйымдардың қарыздарын рететуге бекініп отыр.