Дүкен, дәмхана иелері жеке шот ашуға міндеттеледі

0
927

​"Кәсіпкерлер мобильді аударымдардың арқасында кірісін жасырып, салықтан жалтарып отыр" Қазақстанда мобильді аударымдарды заңнамалық деңгейде реттеу басталады.


Дүкен, дәмхана иелері жеке шот ашуға міндеттеледі

ERNUR.KZ. Мұндай нормалар Салық кодексіне жасалып жатқан түзетулерде көрсетіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Депутат Сергей Симонов кейінгі уақытта кәсіпкерлер тауарлар немесе көрсеткен қызметтері үшін мобильді аударымдарды төлем ретінде қабылдап жатқанын атап өтті. Бұл ретте олар өздерінің салық міндеттемелерін орындамайды, чектерді фискализациялауды жүргізбейді, тиісінше айналымдарды көрсетпейді, кірістерді жасырады, салық төлеуден жалтарады. Сондықтан Салық кодексіне "мобильдік төлем" деген жаңа ұғым енгізіледі.

Кәсіпкерлер мобильді төлем қабылдау үшін жеке шот пайдалануға тиіс болады. Симоновтың айтуынша, екінші деңгейлі банктер бизнес жүргізу үшін шоттарды бөлу, мобильді қосымшамен төлеу кезінде чекті фискализациялау рәсімін жеңілдету, мобильді қосымшаларды жақсартуы қажет.

"Бұл кәсіпкерлерге бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдетуге және сәйкесінше, салық төлеу кезінде тоқсан сайынғы, жартыжылдық есептілікті ұсынуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар үшін бұл олардың құқықтарын қосымша қорғау болады", –деп нақтылады депутат.