Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ.
ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер Джеки Чан қатысатын «Құдіретті сауыт» фильмінің түсірілімі Қазақстанда өтеді, деп жазады inform.kz.
Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ.
Жобаны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фильмнің кезекті бөлімінің түсірілім алаңы ретінде Қазақстан таңдалған. Бұл шешім Бейжіңдегі келіссөздерден кейін қабылданған.
Айта кетейік, «Құдіретті сауыт» франшизасы алғаш рет 1986 жылы жарық көрді. Экшн мен шығыс комедиясын үйлестірген туынды актерді әлемдік жұлдызға айналдырды.