Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) қалпына келіп жатқаны қуантады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзёев, Куба президенті Мигеля Диас-Канеля қатысып жатыр.
Алдымен Мемлекет басшысы одақ елдері СОVID-19 вирусымен бірігіп күресу керегін атап өтті.
«Менің ойымша, коронавирус пандемиясын жеңу үшін ғылым, фармацевтика саласында күш біріктіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру керек. Қажеттілік туындаған жағдайда санитарлық, эпидемиологиялық режимдерді белгілеу жөніндегі іс-қимылды үйлестірген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар ол ЕАЭС экономикасы біртіндеп қалыпқа келіп жатқанын жеткізді.
«Одақ экономикасы біртіндеп қалпына келіп жатқаны қуантады. Еуразиялық экономикалық комиссия дерегінше, биыл бірінші жартыжылдықта одақ елдерінің жалпы ішкі өнімі 4,5% өсті. Жалпы ішкі өнім 900 млрд долларға жетті. Осыған қарамастан сыртқы тәуекелдер әлі де жоғары», - деді Президент.