Қазіргі кезде марқұмның туыстарымен байланыс орнатылып, консул оларға барлық мәселелер бойынша көмектесіп жатыр.
фото: Sputnik / Алексей Витвицкий
ERNUR.KZ. Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады, деп жазады sputnik.kz.
Жазатайым оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды.
Қазіргі кезде марқұмның туыстарымен байланыс орнатылып, консул оларға барлық мәселелер бойынша көмектесіп жатыр. Зардап шеккен екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР елшілігі де бұл оқиғаны ерекше бақылауға алды.