Адвокат Шағатаев Зере мен анасының мүддесін қорғаған.
ERNUR.KZ. 12 жасар қыз баланы "Астана-Орал" рейсінен түсіріп кету оқиғасына қатысты Air Astana компаниясының аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Бұл туралы адвокат Данильхан Шағатаев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Адвокат Шағатаев Зере мен анасының мүддесін қорғаған. Оның сөзінше, сотта әуе тасымалдаушы моральдық өтемақыны 5 миллион теңгеден 1,5 теңгеге дейін төмендетуді сұраған.
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы шағымды қанағаттандырудан бас тартып, бірінші соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл дегеніміз, баланың анасы 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы алатын болды, – дейді Шағатаев.
Ол сот актісі заңды күшіне енгенін айтады.
Біз бұл резонанстық істің аяқталғанына қуаныштымыз және жеңіске жеткенімізді үлкен жеңілдікпен айтуға болады. Сот актісі заңды күшіне енді, – деді қорғаушы.
Еске салайық, былтыр осы оқиғадан соң FlyАrystan әуе компаниясына 3,5 млн теңге айыппұл салынған болатын. Компания басшысы Ричард Леджер кешірім сұраған еді.