Екі ай ішінде Қазақстаннан 133 мың мигрант шығарылған

0
2 452

ҚР Ішкі істер министрлігі осы жылдың ақпан айында “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасының екі кезеңін өткізді.


Екі ай ішінде Қазақстаннан 133 мың мигрант шығарылған

ҚР Ішкі істер министрлігі 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне қолғабыс көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне көмектесті. Төлқұжаттарының қолданылу мерзімі өткен 675 шетелдік қайтып оралуға арналған куәлік алды

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын қасақана бұзу фактілері де анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында 582 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді.

Мәселен, Шымкент қаласында Өзбекстанның 70 азаматы мен Қытайдың 62 азаматын жұмысқа заңсыз қабылдаған бірқатар заңды тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шара барысында іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сондай-ақ, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және бопсалау фактісі үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы бар.

Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларға қатысты заңсыз иммигранттарды шығаруға 969 сот шешімі шығарылған.