​Екі бала шәйнектегі қайнаған суға күйіп қалды

0
1 215

Екеуі де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.


​Екі бала шәйнектегі қайнаған суға күйіп қалды

ERNUR.KZ. Павлодарда өткен демалыста термикалық күйік шалған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы тұрақты, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 103 операторының нөміріне күйікке байланысты екі шақырту түскен.

- Екі жасар бала кездейсоқ қайнап тұрған шәйнекті абайсызда аударып алған. Нәтижесінде аяқтарының 3 пайызын бірінші, екінші дәрежелі күйік шалған, - деді баспасөз хатшысы.

Екінші жағдайда зардап шеккен тоғыз жасар баланың оң жақ білегінің бір пайызы күйіп қалған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.