Екі күнде меңгерген: жамбылдық тракторшы келіншек ауылдастарын тәнті етті (видео)

0
936

Колледжде қосымша «ауылшаруашылығын механикаландыру» кәсібін игеріп жүр.


Екі күнде меңгерген: жамбылдық тракторшы келіншек ауылдастарын тәнті етті (видео)

Жамбыл облысының Өрнек ауылында тракторшы келіншек тұрады, деп жазады 24.kz.

Бір қызығы, Гүлдана Пайыз ауыр техниканың тілін 2 күнде меңгеріп алған. Тракторды тізгіндеп, әлеуметтік желіде жұрт ықыласына бөленген келіншек Өрнек ауылыда тұрады.

Гүлдана Пайыз қазір жұбайымен ауылдан қашық жердегі ата-енесінің шаруа қожалығында қолғабыс етіп жүр. Ауыр техниканы айдап үйренгеніне 3 ай болыпты. Бүгінде жарына жәрдемдесіп өз алқаптарымен қоса көмек сұраған көрші ауылдың шабындығына да шалғы салып жүр.



Гүлдана Пайыз, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Тракторды айдау себебім жолдасым өзі үлгере алмады. Қайын інілерім бар еді, олар өздерінің жұмыстары бар, сабақтары бар, сонда кетіп қалды да өзі үлгіре алмаған соң маған үйретіп. Енді көмектес деген ниетпен үйретті. Басында қиын етін қазір үйрендім оңай.


Мерей Бает, тілші:

- Мына трактордың жалпы салмағы 4 тоннадан асады. Бұл ауыр техниканы басқару әйел түгілі ер адамға қиын екені белігілі. Сондықтан тракторды тізгіндей жүріп шөп жиған ауыл келінінің әрекеті таңдандырмай қоймайды.

Гүлдананың негізгі мамандығы кондитер. Деседе колледжде қосымша «ауылшаруашылығын механикаландыру» кәсібін игеріп жүр. Ауыл шараушылығы мамандарын дайындайтын бұл оқу ордасында, 20-ға жуық бұрымды білім алады.


Жетпіс Миқыбаев, №17 Жамбыл колледжінің оқытушысы:

- Кәмшат Дөненбаева Жадыра Тастанбековаларды кезінде Совет кезінде жұмыс істеп алтын жұлдыз таққан соларға теңесіп ішінде қыз балалардың да ұмтылыс жасап өздері оқып игеріп жатқан қыз балалар ортамызда бар. Қыз балалар қайта мынау теориялық сабақтарды мына техниканыың әр атауын білуі оның атқаратын жұмыстарын білуі қыз балалар ұқыптылау.

Пайыз отбасы бірнеше жыл бұрын шаруа қожалық ашқан. Сөйтіп мемлекеттен 2,5 процентпен 3,5 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Сол қаражатқа 60 бас қой алып, бүгінде мал басын көбейтіп отыр.