2024 жылдың көктемінде екі азамат Ригадан Өскемен қаласына келіп, есірткі өндірісін құпия түрде ұйымдастырған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының соты Латвия азаматтарын психотропты заттарды заңсыз өндіру бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп жазады baq.kz.
Соттың анықтауынша, 2024 жылдың көктемінде екі азамат Ригадан Өскемен қаласына келіп, есірткі өндірісін құпия түрде ұйымдастырған. Кейін олар Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына көшіп, сол жерде зертхана ашып, 125 келі мефедрон – синтетикалық есірткі өндірген.
Сотталушылардың кінәсі сараптама нәтижелері, тінту хаттамалары, бейнежазба және өздері берген мойындау айғақтарымен дәлелденді.
Қылмыс Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы, 3-бөлімі бойынша ауыр қылмыс санатына жатады, оның жазасы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот, қылмыстың ауырлығын ескере отырып, екі азаматты да 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Олар жазасын орта қауіпсіздік колониясында өтейді.