Екі өңірде әлеуметтік мекемелерге көкөніс жоғары бағамен жеткізілген – ҚМА

0
4 999

Сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек.


Екі өңірде әлеуметтік мекемелерге көкөніс жоғары бағамен жеткізілген – ҚМА

ERNUR.KZ. Елімізде бірнеше өңірде балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілгені, ал әкелінген өнімдердің қымбаттығы ата-аналардың мойнына түскені анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады.

«Мәселен, ШҚО-да «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген», - делінген хабарламада.

ҚМА өңірлік Департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөністердің бағасы 2 еседен астам бағаға төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).

«Сонымен қатар СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сататын 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған. Картоп бір кг үшін 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43% - ға арзан болған (141 теңгеден). Бұл келер жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.

Агенттік өкілдері әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек екенін еске салады.