Әйелдің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Екібастұз көшелерінің бірінен әйел адамның денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының Беркімбаев көшесінен белгісіз әйелдің денесі табылған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.