Екібастұз ЖЭО-да қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтар жұмысы толық қалпына келді

0
670

Мазутпен жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы толығымен отынның негізгі түріне – көмірге ауыстырылды.


Екібастұз ЖЭО-да қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтар жұмысы толық қалпына келді

ERNUR.KZ. 10 желтоқсан күні сағат 19.30-да Екібастұз ЖЭО-да құбырдағы күлді шаю нәтижесіндегі су басқан барлық учаскелер құрғатылды, деп жазады inform.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, жөндеу бригадалары екі электр қозғалтқышты ауыстырды, сорғы күл құбырының жұмысы қалпына келтірілді.

"Мазутпен жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы толығымен отынның негізгі түріне – көмірге ауыстырылды. Қатты отынмен жылытылатын қазандықтарды іске қосу сағат 04.30-да басталып, сағат 06.00-де толығымен аяқталды", - делінген жазбада.

Станция жұмысы берілген параметрлерге қайта оралды. Қазір 6 қазандық агрегат жұмыс істеуде. Гидравликалық режим берілген кестеге сәйкес келеді: 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-дан шыққан температура 79°С құрайды.

"Екібастұздықтар өз пәтерлерінде жылудың жақсарғанын келесі бірнеше сағат ішінде сезінетін болады, сағат 10.00-де жылу тасымалдаушының температуралық параметрлері 90°С болуы қажет", - деп толықтырды ведомстводан.