Екібастұз ЖЭО Самұрық-Энергоға берілді

0
417

Биыл ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға 9 млрд теңге бөлді.


Екібастұз ЖЭО Самұрық-Энергоға берілді

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласының әкімдігі Екібастұз ЖЭО-ны «Самұрық-Энергоға» сенімгерлік басқаруға берді. Акционерлік қоғамдық стансаны «Energy Solution Center» ЖШС еншілес компаниясы арқылы басқарады, деп жазады inform.kz.

Екібастұз жылу-энергия орталығы «Самұрық-Энерго» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Екібастұз ЖЭО-да жиналыс өткізіп, «Energy Solution Center» ЖШС Бас директоры Айдарбек Қыстаубаевты, сондай-ақ оның өндіріс, қаржы және қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарларын таныстырды. Сонымен қатар Самұрық-Энерго басшысы биыл Екібастұз ЖЭО-да энергетикалық қазандықтар мен қосалқы жабдықтардың бір бөлігін жөндеу жоспарланып отырғанын атап өтті», - деп мәлімдеді компаниядан.
Кездесу қорытындысы бойынша Қ.Мақсұтов станса басшылығына алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық пен жөндеу науқанын өткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Екібастұз ЖЭО 1956 жылы пайдалануға берілген. Стансада белгіленген электр қуаты - 12 МВт, жылу қуаты — 750 Гкал/сағ. Жылу электр орталығы Екібастұз қаласын жылумен толық қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың соңында Екібастұз ЖЭО-да жүйелі апат болып, қаладағы үйлердің көп бөлігі қақаған аязда жылусыз қалған еді.

Биыл ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға 9 млрд теңге бөлді.