Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
ERNUR.KZ. Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті, полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп жазады zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 08.00 шамасында Higer маркалы автобус жүргізушісі Абай - Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
"Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.
Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.