Екібастұзда бірнеше түрғын үй жылудан тағы ажыратылды

0
645

Екібастұз 27 қарашаға қараған түні 30 градус аязда жылу мен ыстық сусыз қалған болатын.


Екібастұзда бірнеше түрғын үй жылудан тағы ажыратылды

ERNUR.KZ. Екібастұздағы бірнеше үй жылу беруден уақытша ажыратылады, деп жазады sputnik.kz.

Басылымның мәліметінше, жылу желісінің кейбір учаскелерінде ауыстыру жоспарланып жатыр. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Строительная – Павлов көшелерінің қиылысындағы үйлерде сағат 9-дан 15-ке дейін жылу болмайды. Сондай-ақ екі көшедегі жеке тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз 27 қарашаға қараған түні 30 градус аязда жылу мен ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды. Екібастұзда жылу желілері қалпына келтіріліп жатқанда қала тұрғындары бірнеше күн бойы сусыз және жылусыз отырды.