Екібастұзда көшедегі адамды атқан күдікті ұсталды

0
2 513

Күдікті қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып, ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.


Екібастұзда көшедегі адамды атқан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Екібастұзда полиция көшеде кетіп бара жатқан ер адамды атып өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп жазады zakon.kz.

Павлодар-онлайн атап өткендей, ұсталған адамнан қару тәркіленді, қазір ол уақытша ұстау изольяторына тоғытылған.

Қылмыс 23 ақпан күні таңғы сағат сегіздер шамасында Екібастұз қаласының Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Белгісіз қаскөй ер адамды атты, ол оққа ұшып, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл оқыс оқиғаның видеосы сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеоның түсіндірмесінде кісі өлтірушінің трансформатор жанында өз құрбанын күтіп тұрғаны айтылады. Марқұм 1960 жылы туылған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деп күдікке ілінген 65 жастағы ер адамды ұстады, - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Болған жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, полиция тергеу мүдделеріне сай өзге ақпаратты жария етпейді.