Екібастұзда мас адам 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалды

0
574

Ол 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.


Екібастұзда мас адам 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалды

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Сәтпаев көшесіндегі үйлердің бірінде 9-қабаттың балконының үстінде ер адам жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілді, жедел медициналық көмек және төтенше жағдай қызметі шақырылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«39 жастағы ер адам үйдің төбесіне шатыр арқылы көтерілгені, содан кейін тоғыз қабатты үйдің балконына түскені белгілі болды. Артынша пәтерге кіруге тырысқан. Ол тоғыз қабатты үйдің биіктігінде жарты сағат бойы жатты», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.




Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді. Осыдан кейін полиция қызметкерлері қала тұрғынын медициналық куәландыруға жіберді, оның қорытындысы бойынша ер адам мас күйінде болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ер адамның бұрын құқық бұзушылықтың осы түріне тартылғанын ескерсек, оны қайталағаны үшін 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.