Екібастұзда тәрбиешінің баланы ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған

0
105

Екібастұз қаласының білім бөлімі видеоға қатысты жауап берді.


Екібастұзда тәрбиешінің баланы ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған

Фото: видео скриншот

ERNUR.KZ. Екібастұздағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің баланың бетін көрпемен жауып, оны ұрып-соққан видеосы пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

Желідегі жазбада бұл оқиғаның "Сәби сити” балабақшасында болғаны айтылған.

"Оқиға жекеменшік балабақшада болған. Тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады”, – делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Павлодар облысының полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Полицейлер бұл видеоға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді полиция басқармасы.