Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінде көз жұмды

0
537

Екібастұзда пәтерлердің бірінде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.


Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінде көз жұмды

ERNUR.KZ. Мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады, деп жазады pavlodarnews.kz.

Екібастұзда пәтерлердің бірінде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.

Жедел жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады.

- Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады, - деді станцияның баспасөз қызметі.
Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін атап өтті.


Екібастұз тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік жүктелетінін ескертті.