Арнайы құрылған бақылау тобы жұмысқа кірісті.
ERNUR.KZ. Павлодар қаласының әкімдігі барлық жанармай бекеттерін тексеретін болады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қонаев көшесіндегі шыққан өрт бойынша арнайы бақылау тобы құрылып 23 жанармай құю станциясы, 11 автогаз бекеттерін тексеретін болады.
«Бақылау тобының құрамына Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, жергілікті полиция қызметінің бастығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет бөлімдерінің, мемлекеттік кірістер және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары кірді. Құрылған топ бүгіннен бастап жұмысқа кірісті», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ҚР ҚҚ 281-баптың (Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) 2-бөлігі және 292-баптың 2-бөлігі (Абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Еске сала кетейік, Екібастұз қаласында 13:24 автогаз бекеті өртенген болатын. Өртті 15:44 сөндірді. Станцияда болған 17 жасар бала өрттің салдарынан мерт болды. Қазіргі таңда өрттің себептері анықталып жатыр.