Екібастұздағы гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылып, салдарынан көліктерге зақым келді

0
132

Асфальт жабыны да жарылып, көтеріліп кеткен.


Екібастұздағы гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылып, салдарынан көліктерге зақым келді

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Екібастұз қаласында жылыту маусымына дайындық аясында гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Алайда құбырлардың бірі жоғары қысымға шыдас бермей, жарылып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, бүгін “Екібастұз жылу желілері” ЖШС жылумен қамтитын құбырларда 16 кгс/шаршы см жоғары қысыммен жоспарлы сынақты қолға алған. Соның барысында ТМ-11 жылу магистралінде, “Уақ” дүкенінің жанында диаметрі 530 мм құбыр жарылған. Салдарынан желілер өтетін жерде жол жабыны көтеріліп, жақын маңдағы тұрақта тұрған 8 автокөлікке зақым келген. Олардың барлығының дерлік шынысы сынып, темірі майысып кеткен. Абырой болғанда, тұрғындардың өздері зардап шеккен жоқ. Кәсіпкерлік нысандары мен ғимараттарға да зақым келген жоқ.

“Оқиға орнында полиция қызметкерлері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері және “Екібастұз жылу желілері” ЖШС апаттық бригадасы жұмыс істеп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккен мүлік иелері шығынды өтеуі үшін жылумен қамтуға жауапты компанияға өтініш беруі керек. Ол үшін тәуелсіз бағалау туралы қорытынды болуы шарт”, – деп хабарлады жергілікті әкімдік.