​Экс-әкімнен тәркіленген мейрамханада ХҚКО ашылды

0
1 061

Қостанайдың сотталған экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтан тәркіленген "Метрополь" мейрамханасының ғимаратында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.


​Экс-әкімнен тәркіленген мейрамханада ХҚКО ашылды

ERNUR.KZ. Қостанайдың сотталған экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтан тәркіленген "Метрополь" мейрамханасының ғимаратында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп жазады tengrinews.kz.

Цифрлық ХҚКО-ның бірінші қабатында операторлардың көмегінсіз қызмет алуға болады. Екінші ғимаратта Қостанай ХҚКО-ның №1 бөлімі орналасыпты. Сондай-ақ, бұрынғы мейрамханаға Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы департаментін көшіру жоспарланып отыр екен. Қазір орталық 13.00-ге дейін ғана жұмыс істейді, себебі әзірше Ұлттық банк ғимаратында орналасқан - бұл келушілерге жайсыздық туғызады екен. Ал көшкеннен кейін департамент күні бойы жұмыс істей алады.

"Көшуге себеп - азаматтардың клиенттердің жағдайын жақсарту қажеттілігі туралы көптеген өтініші себеп. Екінші қабатта операторлары бар 21 үстел орналасады. Қостанайдың әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімдері де осы мекенжай бойынша орналасады", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік ұйымы филиалының PR-менеджері Есенжан Мұратов.

Еске салайық, 2016 жылы Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов бірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, сотталған еді. Пара алды деп айыпталған ол мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған.