Елбасы Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойды

0
2 833

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана мен Алматы қалаларымен бірге Шымкенттің тұрғындар саны 1 млн адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты.


Елбасы Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойды

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана мен Алматы қалаларымен бірге Шымкенттің тұрғындар саны 1 млн адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты.

«Қазақстан Республикасы әкімшілік территориялық құрылымы туралы» заңның 3 бабы 1 тармақшасына сәйкес бүгін мен қол қойып отырған жарлық Шымкенттің республикалық мәртебесін реттеді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің 17 аймағы болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болып келген Түркістан қаласы болады», - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрылған Түркістан облысы жаңа әкімшілік міндеттерді сапалы іске асыруға қажетті мүмкіндіктердің барлығына ие екенін айтты.