Елдегі колледждерде шетелдік студенттер арасында өзбекстандықтар мен ресейліктер көп

0
125

Колледждердің дені Алматыда орналасқан.


Елдегі колледждерде шетелдік студенттер арасында өзбекстандықтар мен ресейліктер көп

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

ERNUR.KZ. 2025-2026 оқу жылының басына Қазақстанда 559 колледж жұмыс істеді. Колледждердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан – 79, одан кейін олардың саны Түркістан мен Қарағанды облысында көп, тиісінше 38 және 37 колледж. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, колледждердегі білім алушылар саны оқу жылының басында 355,2 мың адамды құрады, оның ішінде 150,8 мыңы – әйелдер.

Колледже оқитын студент саны жөнінен үштік:

  1. Алматы қаласында ең көп – 76 мың адам;
  2. Шымкентте – 40,1 мың;
  3. Түркістан облысында – 30 мың адам.
"Биылғы оқу жылында колледждерге бірінші курсқа 133,9 мың адам түсті. Олардың негізгі бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс технологиялары саласындағы мамандықтарды таңдады – 51,2 мың адам. Олардың ішінде көлік жөндеу мамандығы бойынша оқуға түскендер – 9,5 мың, дәнекерлеу ісі – 5 мың, тігін ісі – 4,3 мың оқушы. Одан кейін әртүрлі қызмет мамандықтары бойынша түсушілер көп болған – 22,4 мың адам, оның ішінде ең көп оқушы тамақтандыру ісі мамандығын таңдаған – 12,7 мың адам", – делінген хабарламада.

Коллежде білім алушылар арасында Өзбекстаннан және Ресейден келгендер көп, сәйкесінше 1,2 мың және 1 мың адам.