Жер сірігі 2023 жылы ұшырылып, аспандағы KazSat-2-ні алмастыруы тиіс.
ERNUR.KZ Қазақстан шетелдік компаниямен бірлесіп жаңа байланыс жерсерігін құрастыратын болды. KazSat-2R деп аталатын жаңа жерсерігі 2024 жылы ұшырылып, ғарыштағы KazSat-2 жерсерігін алмастыруы тиіс. Ол 2011 жылдың желтоқсанында ұшырылған, деп хабарлайды ktk.kz.
- Біздің бұл жоба бойынша шетелдік серіктесіміз бар. KazSat-2R Нұр-Сұлтандағы ғарыш аппараттарын құрастыру әрі сынақтан өткізу кешенінде жасалады. Ендігі уақытта біз осындай аппараттардың жобалау мен сынақтан өткізу жұмыстарын 55 пайызға дейін өзімізде жасасақ па дейміз. Оған қоса, осындай ғарыш аппараттары бөлшектерінің 10 пайызын өзімізде жасауды көздеп отырмыз, - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Асқар Жұмағалиев.
Қазақстан бұл байланыс жерсерігін жасауға 40 миллиард теңге жұмсайын деп отыр. Жоспармен 2023 жылы ұшырылып, аспандағы KazSat-2-ні алмастыруы тиіс.
Еліміздің бұлардан бөлек ұшырылған тағы бірнеше жерсерігі бар. 2014 жылдың желтоқсанында KazSat-3 ұшырылғаны есте. Қазақстанның жерсерік ұшыруда біраз шығынға батқаны белгілі. Бұған дейін ұшырылған «Қазсат-1» тек үш жыл жұмыс істесе, одан кейінгі «Қазсат-2» жылға жетпей істен шықты.