Елімізде АЭС Балқаш қаласына салынуы мүмкін – Энергетика министрі

0
545

Осыған дейін Қазақстанда 2035 жылға қарай алғашқы атом электр станциясы салынатыны белгілі болған.


Елімізде АЭС Балқаш қаласына салынуы мүмкін – Энергетика министрі

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда салынатын атомэлектр станциясы нақты қай жерде салынуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген ол Қазақстандағы АЭС бәлкім Курчатов қаласында, бәлкім Балқаш қаласында салынуы мүмкін дегенді хабарлады.

«Станцияның құрылысына қатысты біз өзіміз үшін оның қуаты шамамен 2,4 ГВт болады дегенді нақты анықтап алдық. Қуаттылығы қандай болатынын түсінген соң, оның қайда салынатына қатысты жоспарды жалпы анықтап қойдық. АЭС бәлкім Балқаш маңына, бәлкім Курчатов маңына салынады. Негізінен Балқаш қаласы болуы мүмкін», - деді Ақшолақов.

Оның айтуынша, Балқаш өткен ғасырда-ақ АЭС орналастыруға болатын аумақ ретінде қарастырылған. Орналасатын аудан нақты болғанмен, оның технологиясы мен дәл нүктесі туралы мәселе әлі шешілмеген.

Айта кетейік, Қазақстанда 2035 жылға қарай алғашқы атом электр станциясы салынатыны белгілі болған.