Елімізде арнайы техника, көпір және шойын құю зауыты салынады

0
1 369

Келісімді іске асыру барысында 2, 5 мыңнан астам жаңа жоғары білікті жұмыс орны ашылады.


Елімізде арнайы техника, көпір және шойын құю зауыты салынады

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "КАМАЗ" ӨАҚ Бас директоры С. Когогин, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов және "ҚДБ - Лизинг" АҚ Басқарма төрағасы Н. Байбазаров Қазақстан аумағында жүк көліктеріне арналған бас көпірлер мен шойын құймаларды өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды, деп жазады baq.kz.

Жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру Қазақстан нарығына әлемдік негізгі автокомпонент өндірушілерді тарту арқылы қазақстандық автоөнеркәсіптің автокомпоненттік базасын дамыту бірінші және стратегиялық маңызды қадам болып табылады.

«Келісімді жүзеге асыру аясында арнайы техника, көпір және шойын құю зауыттарын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚР-да аналогы жоқ техникалық персоналдың құзыретін дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру бойынша Инжинирингтік орталық ұйымдастырылады. Инжинирингтік орталық Қазақстанның түрлі салалары үшін жоғары деңгейдегі мамандарды дайындауға мүмкіндік береді»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, келісім Қазақстан аумағында көпірлер мен құймалардың қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісін құруға бағытталған. Бұл ретте экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік әлемдік стандарттарға жауап беретін технологиялар пайдаланылатын болады.Зауыттарда өндірілетін өнім 100 процент экспортқа бағдарланған болады және нәтижесінде Ресей, ТМД елдерінің барлық өңірлерін қамтитын жаһандық әлемдік тізбекке, сондай-ақ немістің Daimler AG концерніне түсетінін айта кету керек. 2018 жылы неміс концерні компанияның акционері болды.

Келісімді іске асыру барысында 2, 5 мыңнан астам жаңа жоғары білікті жұмыс орны ашылады.

"КАМАЗ" компаниялар тобы-Ресей Федерациясының ірі автомобиль корпорациясы. "КАМАЗ" ӨАҚ әлемдік жетекші ауыр жүк автомобильдерін өндірушілер арасында 20-шы қатарға кіреді және толық салмағы 16 тоннадан астам ауыр жүк көліктерін өндіру көлемі бойынша 16-шы орында тұр. Өндірістік қуаты жылына 71 мың автомобильді құрайды.

"КАМАЗ" ӨАҚ-ның ұйымдар тобы Ресей, ТМД және алыс шетелдердің аумағында 109 компанияны біріктіреді. 2018 жылы компанияның акционері неміс концерні Daimler AG (Mercedes Benz) болды.

"КАМАЗ" ӨАҚ технологиялық тізбегінің тобында барлығы 33,5 мың адам жұмыс істейді.