Жиында 150 көпбалалы ана топқа көмек сұрап келді. Негізгі мәселелер әлеуметтік жәрдемақы алуға, балаларды балабақшаларға орналастыру, тұрғын үй проблемасына қатысты болды.
ERNUR.KZ. «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы Қарағанды облысында болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Сарапшылар мектептерде, балалар үйлерінде, денсаулық сақтау мекемелерінде болып, жалпы жағдаймен танысты.
Топ мүшелері жұмысты жетілдіру бойынша өз талдаулары мен ұсыныстарын Балалар құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында ортаға салды.
«Nur Otan партиясы биліктің атқарушы органдарымен, қоғам өкілдерімен бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, ең алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету міндетін қояды. Партияның облыстық филиалында Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің аймақтық тобы жұмыс істейді», - деді Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.
Жиында 150 көпбалалы ана топқа көмек сұрап келді. Негізгі мәселелер әлеуметтік жәрдемақы алуға, балаларды балабақшаларға орналастыру, тұрғын үй проблемасына қатысты болды.
«Кеңейтілген жұмыс тобының құрамында біз Қарағанды, Шахтинск, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында орналасқан 40 нысанды аралап көрдік. Сіздің өңірде кеңестің құрамына атқарушы билік органдарының өкілдері ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның өкілдері де кіреді. ҮЕҰ, бизнес-құрылымдар-барлығы осы жұмысқа қатысуы тиіс. Таза тұрмыстық жағдайларға қатысты көптеген сұрақтар бар. Бұл мәселелерді шешу үшін нақты отбасы мен адамға қатысты проблеманы шешу керек», - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің сарапшысы Рысты Жұмабекова.
Ол жақын арада облыс әкімдіктерінде балалар мәселелері бойынша кеңесшілер пайда болуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл ұсыныс орталық деңгейде қаралатын болады.
Айта кетсек, сарапшылар балалар құқығын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша барлық ұсыныстарды жинап және үлгілік жол картасын әзірлейді.