Елімізде балаларға арналған SIM-карталар пайда болады

0
95

Жұмыс тобы құрылды.


Елімізде балаларға арналған SIM-карталар пайда болады

Фото: changiairport.com

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз брифингінде балаларды құқыққа қайшы контенттен қорғау мақсатында қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл – өзекті мәселе. Бүгінгі таңда біз бірнеше ұсынысты қарастырып жатырмыз. Оқу-ағарту министрлігінде балаларды құқыққа қайшы контенттен қорғау мақсатында жұмыс тобы құрылды. Нақты тәсілдер бар, көптеген мемлекетте олар қолданылады. Бұл мәселе ашық күйінде тұр. Оны қоғаммен, соның ішінде ата-аналар және педагогтер қауымдастығымен, БАҚ өкілдерімен бірлесіп талқылайтын боламыз", – деді министр.

Жұлдыз Сүлейменова нақты қандай жұмыстар қолға алынғанын айтты.

"Бірінші тәсіл – балаларға арналған SIM-карта арқылы тіркеу. Екінші тәсіл – 14 жасқа дейінгі балалардың құқыққа қайшы контентке қолжетімділігін бақылау әрі шектеу мүмкіндігін енгізу. Үшіншіден, мектептерде цифрландыру, медиа сауаттылық жөнінде пәндер бар. Осы пәндер аясында біз балаларға цифрлық кеңістікте сауатты әрі жауапты болу жолдарын үйретеміз. Балалар үшін әлеуметтік желілерді шектеу мәселесін медиамен, ата-аналар қауымдастығымен талқылау қажет. Жұмыс тобы құрылды, бұл мәселе әзірге ашық тұр", – деп атап өтті ведомство басшысы.