2022 жылы елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2,5 мыңнан аса сәби дүниеге келді.
Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7 мың квота бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша балалы болғанның бірі – Алматы тұрғыны Венера Ахметова. Ол 6 жылдан кейін сәби сүйген.
«Біз отбасын құрып, сәбиді аңсап қаншама жыл жүрдік. ЭКО әдісімен 6 жыл дегенде былтыр ғана сәби сүйіп, ата-ана атандық. Қуанышымызда шек жоқ», - дейді ол.
2022 жылы елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2,5 мыңнан аса сәби дүниеге келді. Кезекті жылдап күткен ерлі-зайыптылар қазір бір жылда, тіпті 2-3 айда квотаға іліге алады.
«2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы басталды. Сол кезде 7 000 квотадан 2 500 астам бала дүниеге келді. Бұл – керемет көрсеткіш, яғни әрбір екінші, үшінші әйел жүкті болды. Әлі олардың біраз қатырылған эмбриондары бар, креоконсервация жасалған. Әлі де біраз бала туады, сол 2021 жылғы квотадан. 2022 жылғы квотадан қазір алғашқы балалар дүниеге келіп жатыр», - дейді «Экомед» адам репордукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова.
Мамандардың айтуынша, жасанды ұрықтандыру клиникаларына шетел азаматтары да жиі келеді. Себебі еліміздегі репродуктология қызметі қолжетімді. Алайда бағасы шарықтап барады. Дәрі-дәрмегін қоспағанда 500-600 мың теңгеден басталады. Ал барлығын есепке кіргізсе бір жарым миллион теңгеден асып түседі.