Елімізде ЭКО жасатуға бөлінетін квота саны 7000-ға дейін артады

0
903

ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады.


Елімізде ЭКО жасатуға бөлінетін квота саны 7000-ға дейін артады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова хабарлады. Сондай-ақ ол елімізде, өкінішке қарай, бала сүю бақытына жете алмай отырғандар саны жыл сайын артып келе жатқанын алға тартты, деп жазады baq.kz.

Соның салдарынан қаншама отбасының шаңырағы шайқалып жататыны жасырын емес.

Осы орайда, Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосып, ЭКО жасатуға квотаның санын 7000-ға дейін арттыруды тапсырды. Аталған бағдарлама бойынша жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті, репродуктивті жастағы кез келген жұптар қатыса алады. Бұл консервативті жолымен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған, - деп атап өтті Мағрипа Ембергенова.

Сондай-ақ ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады.

Бағдарламаға қатысатындардың Қазақстан азаматы болуы және пациенттердің міндетті медициналық сақтандыруы болуы шарт, - дейді Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры.