Елімізде "Google салығы" енгізіледі

0
463

Ұлттық экономика министрлігі сарапшыларының пікірінше, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын 12 пайызбен төлейді.


Елімізде

ERNUR.KZ. Салық кодексіне былтыр толықтыру мен өзгерістер енгізілген еді. Соның ішінде енді қазақстандықтар үшін қызмет ұсынатын шетелдік компанияларға салық салу ережесі бекітілді, деп жазады Stan.kz.

Ұлттық экономика министрлігі сарапшыларының пікірінше, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын 12 пайызбен төлейді. Цифрлық даму министрлігіндегі мамандар «Google салығы» деп аталып кеткен төлемнен Ресей бюджетіне 3 жыл бұрын 70 млрд теңге, Беларусь еліне 3,5 млрд теңге түскенін жеткізді. Ал біздің бюджетке алдын ала есептеу бойынша 2 млрд теңге салық түсуі мүмкін.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры Дархан Ахмедиев қазақстандықтардан пайда ала тұра, елге салық төленбей қалып кетіп жатқанын атап өтті.

"Телефонымыздағы қосымшаларға ай сайын белгілі бір сомада ақша төлеп отырамыз. Бірақ оны төлегенде Қазақстан азаматтарынан пайда алып жатыр, олар Қазақстанға салық төлемейді ", - дейді ол.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева шетелдік компаниялар енді елімізде тіркелетінін айтады.

"Шетелдік компаниялар Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі. Қазақстан аудиториясындағы таза табыстың бәріне салық салынады", - дейді Жазира Мыңбаева.