Елімізде коммуналдық қызметтер қаншаға қымбаттайтыны айтылды

0
662

​Қазақстанда жаз айларында электр мен жылу энергиясы қымбаттауы мүмкін.


Елімізде коммуналдық қызметтер қаншаға қымбаттайтыны айтылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Оның айтуынша, биыл электр энергиясының тарифі шілде айынан бастап көтерілмек, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін», - деді Ә.Қуантыров Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Бұл тұрғыда жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі болады.

Ведомство басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеп жүрген адамдардың жалақысын көтеру керек екенін айтты. Себебі бұл салада жалақы аз болғандықтан, мамандар жұмыстан кетіп жатыр.

Министр еліміздің аумағында жылу беру желілері 85 пайызға дейін тозғанын айта келе, бұл саладағы мәселені шешу бағытында тарифті көтеру ескерілгенін жеткізді.