Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың он дерегі тіркелді. Науқастардың жартысы осы инфекциядан қайтыс болған әйелмен байланыста болған, деп жазады NUR.KZ.
Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті. Өңірдің бас дәрігері Сүлен Ильясов науқастарға қатысты жаңа деректер жариялады.
"Тағы бір байланыста болған адам анықталды. Ол Қосшы ауылынан 64 жастағы зейнеткерді ауруханаға жеткізген жедел жәрдем жүргізушісі. Әйел 26 наурызда астанада қайтыс болды. Зейнеткердің отбасында оның жолдасынан вирус анықталды. Ол да басқа науқастар сияқты инфекциялық бөлімде жатыр", - деді Ильясов.
Облытық денсаулық сақтау басшысының айтуынша, науқастардың барлығы Нұр-Сұлтандағы карантин аймағына кіретін Қоянды және Қосшы ауылдарынан.