Індет жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"22 наурыз сағат 23:50-де коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.
Айта кетейік, 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Ал 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды.