Елімізде күн күрт жылынады

0
731

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.


Елімізде күн күрт жылынады

"Қазгидромет" мамандары 29-31 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады, республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді", - делінген хабарламада.