Елімізде күнбағыс экспортына БАЖ салығы енгізілуі мүмкін

0
2 552

мұндай қадам ішкі нарықтағы өнім қорын молайтып, бағаны тұрақтандыру мақсатында жасалып отыр.


Елімізде күнбағыс экспортына БАЖ салығы енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде күнбағыс дәні экспортына 15% БАЖ салығы қосылуы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігінде талқыланып жатыр. Алдын ала болжам бойынша салық бірінші сәуірге дейін ғана енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Астық қауымдастығының сарапшысы Евгений Карабанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай қадам ішкі нарықтағы өнім қорын молайтып, бағаны тұрақтандыру мақсатында жасалып отыр. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылы күнбағыс майы азық-түлік тауарларының ішіндегі ең көп қымбаттаған. Бір жылда оның құны 33,7%-ке өсті. Ал жалпы майлы дақылдар 24,5%-ке қымбаттаған.