Елімізде мал ұрлығы үшін қылмыстық кодексте арнайы бап пайда болады

0
1 033

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда өңірлердің әкімдіктерімен малды арнайы кезекпен жаю, стационарлық ветеринарлық бекет құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Елімізде мал ұрлығы үшін қылмыстық кодексте арнайы бап пайда болады

ERNUR.KZ. Қылмыстық заңнамада мал ұрлығы үшін жауапкершілік жүктейтін жеке бап пайда болады. Заңнамадағы тың өзгеріс жайлы халыққа есеп беру кездесуінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мал ұрлығы үшін жауапкершілікті күшейту тетіктері қарастырылып жатыр. Себебі, аталмыш қылмыс ауыл халқы үшін айтарлықтай шығын келтіріп жатқаны өтірік емес», - деді министр.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда өңірлердің әкімдіктерімен малды арнайы кезекпен жаю, стационарлық ветеринарлық бекет құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық заңнамада мал ұрлығы үшін жауапкершілікті жүктейтін жеке бап («Мал ұрлығы 188-1 бабы) пайда болады. Сонымен қатар, «аулаға немесе қораға кіру жолымен» жасалған мал ұрлығы ауыр қылмыстардың санатына енгізіледі», - деді министр.