Елімізде мысығы мен итін адамша жерлеп, басына құлпытас орнататындар көбейген

0
972

Әлеуметтік желіде тараған видеода құмды алқапта орналасқан мысықтың бейіті көрсетілген.


Елімізде мысығы мен итін адамша жерлеп, басына құлпытас орнататындар көбейген

ERNUR.KZ. Жаға ұстатарлық жағдай Маңғыстау облысында болған, деп жазады Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған видеода құмды алқапта орналасқан мысықтың бейіті көрсетілген. Өлген жануардың иесі оған граниттен арнайы құлпытас дайындатып, суретін салғызып, тіпті "Маркиз" деп атын да жазып қойыпты. Соған қарағанда "Маркиздің" қожайыны мысығын көзі тірісінде қатты қадірлегенге ұқсайды. Құлпытастың алдыңғы жағы ағаш қоршаумен қоршалып, ішіне мысықтарға арналған ас қойылыпты.