Елімізде облыстар мен ірі қалалардың дизайн коды әзірленіп жатыр

0
492

Дизайн-код жергілікті жердің ерекшелігі мен ұқсастығын ескере отырып, қалалық кеңістіктің біртұтас көрінісін анықтау арқылы оны өзгертуге мүмкіндік береді.


Елімізде облыстар мен ірі қалалардың дизайн коды әзірленіп жатыр

ERNUR.KZ. Өңірлерде қалаларды кешенді құрылыс салу стандарттарына бейімдеу шеңберінде шағын сәулет түрлері мен абаттандыру тәсілдерін қолдана отырып, республикалық маңызға ие қалалардың, облыс орталықтары және халқының саны 100 мыңнан асатын ірі қалалардың дизайн жобаларын дайындау жұмыстары қолға алынды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ретте дизайн-кодын дайындау жұмысына ғимараттардың қасбетін әрлеу, инфрақұрылым жүйелеріне дизайн элементтерін енгізу, сондай-ақ жекелеген функционалды аймақтарға, абаттандыру, көгалдандыру және навигация жүйелері мен маңдайшаларға концептуалды шешімдер мен тәсілдерді қолдануды қамтитынын айта кетейік.

Айта кетсек, қазір Астана, Алматы және Ақтөбе қаласының дизайн-коды әзір. Қалған қалалардың дизайн-кодтары жаңа стандарттарға сәйкес дайындалып жатыр.

Осы орайда дизайн-коды стилистикалық тұрғыдан біртұтас, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны немесе кеңістікті қолайлы қалыптастыруға мүмкіндік беретін ережелер, талаптар мен ұсыныстардың жиынтығы саналатынын айта кеткен орынды.