Бұл жастарға жоғары білім алуға, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолжетімділікті кеңейтеді.
Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен гранттар санын ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
19 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі А. Ұ. Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2025 жылға дейінгі жобаны іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.
Ведомство басшысының айтуынша, Білім және ғылым министрлігі қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған кешенді шараларды қабылдауда. Осы шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген.
Осылайша, мемлекеттік білім беру грантының құнын ұлғайту қарастырылған. Бұл жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен жоғары білім беру қызметкерлерінің жалақысын айтарлықтай арттыруға, әлеуметтік пакеттер ұсынуға, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын, сондай-ақ олардың кадрлық әлеуетін жаңартуға және нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар профессор-оқытушылар құрамын оқыту сапасын арттыруға ынталандыруға, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіби дамуын жүзеге асыруға бағытталған.
Жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер есебінен, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы және табысы төмен азаматтар үшін гранттар санын арттыру жоспарланып отырғанын айта кету керек. Бұл жастарға жоғары білім алуға, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолжетімділікті кеңейтеді.