​Ер-азаматты құрметтеу неден басталады?

0
294

Сыйластық бұл тек махаббат пен сыпайылықтан ғана тұрмайды.


​Ер-азаматты құрметтеу неден басталады?

Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, бір-біріне деген сый құрметті талап етеді. Тіпті, ерлі-зайыптылардың бірі бұл ережені сақтамаса, онда араға салқындық кіреді. Егер отбасыңызды берік ете түскіңіз келсе, онда ер азаматыңызға деген құрметіңізді көрсете біліңіз. Ханшайымдай болу үшін ер азаматыңды хандай сыйлаңыз деген бар.

Сыйластық бұл тек махаббат пен сыпайылықтан ғана тұрмайды. Бұл көбіне ер азаматыңызды өзіңізге тең санап, оны қалай бар солай қабылдай аласыз ба, соған байланысты нәрсе. Өкінішке орай көптеген ерлі-зайыптылар арасында отау құрғаннан кейін бірнеше жылдан соң-ақ осы негізгі, басты нәрсені ұмытып, сыйластық та сенім де қалмайды. Ара қатынастары қызықсыз, жайсыз бола бастайды. Егер төмендегі 15 тәсілді пайдаланып көрсеңіз, онда ер-азаматыңызға деген құрметіңізді көрсете аласыз және отбасыңыздың беріктігі нығая түседі.


Әйел неге ер-азаматын құрметтеу керек

Құрметтеу – бұл өте үлкен және жан-жақты мәнге ие сөз. Ер азаматқа құрмет көрсетудің түрлі жолдары бар: сыпайы, биязы сөйлеу және қимыл әрекет арқылы, құшақтау, сүю, тағы басқа. Сондай-ақ бір-бірінің қажеттілігіне назар аудару. Ер азматқа деген құрметіңізді көрсете отырып, жолдасыңызбен біріктіріп тұрған байланысты бағалап қана қоймайсыз, сонымен бірге сезімін, эмоционалдық қажеттілігін түсінесіз.

Өз отбасыңыздың әрекеттері мен шешімдері жолдасыңызбен ара-қатынасқа әсер етпеуі тиіс. Сіз ата-анаңызды, бауырларыңызды қаншалықты жақсы көрсеңіз де ешкім қой деп кедергі бола алмайды. Бірақ қай кезде де есіңізде болсын, ер азаматыңыз ендігі сіздің жаңа отбасыңыз, оған екінші орындағы адам ретінде қарау дұрыс емес.

Сыйластық, құрмет жоқ қарым-қатынас көбіне айрылысумен аяқталады. Егер жолдасыңыз сізді сүйемін деп, бірақ құрметтеп, сыйламайтын болса, бұл махаббатқа жатпайды. Махаббат пен сыйластық, құрмет егіз ұғым, қашанда бір жүреді және де отбасының негізгі іргетасы.

Негізі құрмет көрсету дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға ұстаз кіргенде орнынан тұрып қарсы алатын оқушылар, басшысымен сыпайы сөйлесетін қызметкерлер келетіні жасырын емес. Бірақ отбасылық өмірде жолдасыңызға көрсететін құрмет мүлде басқаша көрсетіледі. Әйелдің ер азаматына құрмет көрсетуі қорыққанынан емес, демек ол жолдасын жақсы көреді, ара-қатынастарын жоғары бағалайды. Дәл солай жолдасынан да құрмет, сый күтеді.

Жолдасыңызға деген құрметті «сен» дегеннің орнына «мен» дегенді қолданып көрсетіп көріңіз. Оған өз пікірін, ойын, қажеттілігін, көзқарасын және сезімі туралы ойлануға уақыт беріңіз. Қылықты қимыл жасаңыз, сөйескенде көзіне қарап тұруға тырысыңыз, күлімдеңіз, басыңызды изеңі. Араларыңызда келіспеушілік туындаған кезде жолдасыңызбен сабырлы, бірақ анық сөйлесіңіз, ойыңызды нақты, еркін жеткізе біліңіз және оған да өзінікін айтуға мүмкіндік, уақыт беріңіз. Айтқанын мұқият тыңдағаныңыз дұрыс, себебі ортақ шешімге келуге, ұрысты тоқтатуға себеп табылуы мүмкін. Жалпы алғанда әрдайым сыпайы жауап беріп, риза кейіппен жүруге тырысыңыз, жолдасыңыздың пікіріне мұқият болыңыз. Бұл сіздің оған деген құрметіңіздің көрінісі.

  • Бір-біріңізге деген махаббат пен сыйластық некелеріңізді қызықты саяхатқа айналдыратыны сөзсіз және ол саяхатты екеуіңіз де аяқтағыңыз келмейтіні анық.
  • Ер арзаматыңызды құрметтеудің ең жақсы тәсілі – мінсіз болуын күтпеу және үнемі өз ризашылығыңызды айтып отыру.
  • Сыйластық жоқ қарым-қатынаста реніш, көңіл толмау көп болады.


Некесінің берік болғанын қалайтын әрбір әйел өзіне мына сұрақтарды қойып көруі керек:

  • Күйеуімнің қабылдаған шешіміне сыйластықпен қараймын ба?
  • Отбасымыз бен мен үшін жасап, тырысып жүргенін бағалап жүрмін бе?
  • Күйеуіме жасаған әрекеттерім, айтқан сөздерім дөрекі емес пе?
  • Болмайтын нәрселер үшін жолдасыма қаншалықты жиі ашуланамын?
  • Босаңсуға, еркінсуге уақыт пен мүмкіндік беремін бе?
  • Балаларымды әкесін құрметтеуге үйретемін бе?
  • Онымен бірге жаңа бір нәрсені бірге көруге дайынмын ба?
  • Жетістігін, табысын бірге атап өтемін бе?
  • Жолы болмай, сәтсіздікке ұрынған кезде қасында бола аламын ба?

Осы сұрақтарды өзіңізге қойып, берген жауабыңызды саралап көріңіз. Осы сұрақтарды ойлану арқылы жолдасыңызды қаншалықты құрметтейтініңізді немесе сыйламайтыныңызды түсінесіз.


Ер азаматқа көрсетілетін сыйластық, құрмет қандай болады?

Ер азаматтың қандай қарым-қатынаста және өмірдегі орны қандай екеніне қарамай құрметтеу керек.


Мінсіздікке ұмтылмаңыз

Мінсіз неке мен мінсіз ер азаматты қалайтын ойдан бас тартсаңыз ғана күйеуіңізді бар болмысымен қабылдай аласыз және сол үшін құрметтейтін боласыз.


Шешімін бағалаңыз

Жақсы отбасын құру үшін көп еңбектену керек. Әркім өзімен жұмыс жасағаны дұрыс. Ер азаматтың кейбір істері көріне бермеуі мүмкін. Отбасы, балалары үшін қабылдаған шешімдерін қолдап, құрметтей білген жөн. Жақсы әке, қамқор отағасы екенін жиі айтып тұрыңыз.


Рахметті жиі айтыңыз

Некеге бірізділікке түскеннен кейін ерлі-зайыптылар бір-бірін бағалауды азайтады. Бағалаған күннің өзінде оны ащшық айтпайды және бір-бірін міндетті жандардай қарай бастайды. Бұл тұзаққа түсе көрмеңіздер. Ризашылықты тек сезініп қоймай, оны айтуды да ұмытпаңыз. Мүмкіндік болған кездің барлығында жолдасыңызға рахмет айтып отырыңыз. «Рахмет» деген бір ауыз сөздің өзі араларыңыздағы жылулықты сақтауға, некеңіздің берік болуына кқмектеседі. Мүмкіндік болса рахметіңізбен бірге кішкентай ғана сыйлық берудің өзі құрметтейтініңізді көрсетіп, «менің жарым осындай» деген мақтанышын тудырады.


Сөйлесу

Сөйлесу, тілдесу – бақытты некенің кілті саналады. Егер күйеуіңізді құрметтегіңіз келсе онымен еркін және ашық сөйлесіңіз. Тіпті, сөйлесуге ауыр мәселе мен тақырыптардан қашпаңыз. Егер сіз бәрін ішіңізде сақтасаңыз, онда ол денсаулық пен некеңізге кері әсер етуі мүмкін. Ашық және жиі сөйлесу, сенімді ұлғайтады, некені берік ете түседі. Егер сөйлесетін мәселе ауыр, қиын болса, онда бірінші хабарлама жазыңыз. Кейін өзіңізді сенімді сезінген кезде ашық әңгімеге көшесіз.


Өзге ер адамдармен салыстырмаңыз

Ия, өзгемен салыстыру, үнемі не істеп, не қою керек екенін айтып отырған ер азамат түгілі балалардың өзіне жақпайды. Қазір көпшілік қыз-келіншектер әлеуметтік желідегі жандарлдың өміріне қатты қызығатыны жасырын емес. Жұрттың күйеуі, жігіті құшақ-құшақ гүл, тәтті беріп, күшті жерлерде қыдыртып жүргеніне алданып, жолдысыңызды салыстыра қарамаңыз. Сіздің жолдасыңыз мүмкін махаббатын басқалай жеткізетін шығар: сіз ашуланғанда үнсіз қалып, кешіккенде тамағыңызды жасай салатын болар, мүмкін демалыс күндері ұйқыңыздан оятпай демалсын дейтін шығар. Көбіне мән бере қарамайтын осындай ұсақ- түйектің өзі үлкен махаббатың белгісі.


Оның отбасын өз жанұяңыздай қабылдауға тырысыңыз

Отбасы құрған кезде тек екі жас қана емес, екі отбасы да бірігеді. Жолдасыңыздың отбасыңызға жақсы күйеу болғанын қаласаңыз, онда өзіңіз де оның жанұясына сыйластық танытыңыз.


Балалардың көзінше әкесін жамандамаңыз

Балалар көбіне әкесіне қарағанда анаға жақын болады. Әкесінен көбіне аяқ тартып тұрады. Егер осыған қосымша сіз әкесін үнемі жамандап немесе балалардың көзінше бетінен алып ұрсысып отырсаңыз, онда балда әкеге деген құрмет қалмайды. Ол тек қорыққанынан сыйлауы мүмкін. Сондықтан әкесі туралы үнемі жақсы сөздер айтып, балалардың көзінше ер азаматыңызға айқайлап, ұрыспауға тырсыңыз.


Қажет кезде кешірім сұрап үйреніңіз

Кез келген жанда кемшілік, қателесетін кезі болады. Бұл қалыпты жағдай. Тек осындайи кездерде жолдасыңыздан кешірім сұруға қысылмаңыз, өз дегеніңізде қалып қалуға тырыспаңыз. Шын жүректен сұралған кешірім, көптеген мәселенің шешімін табуға көмектеседі.


Жеке қолдаушысы болыңыз

Жолдасыңызды табысты болса да, сәтсіздікке ұшырап жеңілсе де қолдаудан шаршамаңыз. Сіздің қолдауыңыз оны шабыттандырып, күш-қуат береді.

Отбасылық өмір тек тіке бірсыдырғы жол емес. Ол жерде биіктеу де, құлау да, соғысу да болады. Мұның барлығынан бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы жоғары жандар ғана қол ұстасып өте алады. Олардың махаббаты берік, шаңырақтары жайлы, жылы болады.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.