Алматыда бір топ жігіт ұрлап кетпек болған қызды көршілері құтқарып қалған (видео)

0
153

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекте болған.


Алматыда бір топ жігіт ұрлап кетпек болған қызды көршілері құтқарып қалған (видео)
Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматының Ақсай-4 шағынауданында қызды ұрламақ болған сәт түсірілген видео тарады. Ал полиция жағдайға түсініктеме берді, деп жазады stan.kz.

Желіде тараған видеодан қыздың жан даусы шығып, жылап, көмек сұрағанын естуге болады. Видеодан: "Мен қаламаймын, жіберіңдер. Көмектесіңіздерші", – деген дыбыс шығады.

Кейін видеода қараңғыда тұрған көлік пен қызды көлікке күштеп отырғызбақ болған үш жігіт көрінеді. Қыздың айқайын естіген көршілер жүгіріп келіп, оны құтқарып қалады. Бойжеткен жылап, көліктен шығып кеткен. Көршілердің бірі дереу полиция шақырған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекте болған.

"Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Жігіт пен қыз бір-бірін бұрыннан таниды екен. Қыз шағымданудан және арыз жазудан бас тартты", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндірілгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін 16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңнамада азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған өзгерістер күшіне енгені туралы жазған едік. Онда некеге мәжбүрлеп, қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталатыны да айтылған.