Мәжіліс депутаттары тегін медициналық көмек аясында қызметтер тізіміне онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулерді енгізуді ұсынды.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда енді онкоскрининг барлығына қолжетімді болады, деп жазады stan.kz.
Мәжіліс депутаттары тегін медициналық көмек аясында қызметтер тізіміне онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулерді енгізуді ұсынды. Осылайша сақтандыру мәртебесіне қарамастан, ол Қазақстанның барлық азаматын қамтымақ.
Сондай-ақ депутаттар мүгедектігі жоқ есту қабілеті бұзылған азаматтарды есту құралымен қамтамасыз етуі туралы нормалар енгізуді де ұсынды. Ол жергілікті бюджет қаражаты есебінен әкімдіктердің медициналық айғақтары бойынша жүргізіледі. Түзету мүгедектіктің алдын алуға және есту қабілеті бұзылған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Бұдан бөлек медициналық қызмет нәтижесінде науқастың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайларын қарау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясын құру тетігі жетілдіріледі.