Бұл - олардан қайда, не істеп жүргенін біліп отыру үшін арналған құрылғы.
ERNUR.KZ. Электронды қадағалаушы құрал - білезік сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдіктілерге қолданыла бастады, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Цифрландыру жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайынов, деп жазады zakon.kz.
- Агенттік электронды қадағалаушы құрал - білезіктерді қолдана бастады. Ол тергеу кезінде қамалмаған, бірақ жүріс-тұрысы шектелген күдіктілерге қатысты. Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде бұл тәжірибені алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды сотының шешімімен үй қамағына алу түріндегі күдіктіге қатысты қолданды, - деді Құсайынов.
Ол бүгін 10 мыңға жуық осындай құрылғы 500 мың теңгеден астам сомаға сатып алынғанын және бұл осы қызметтің шығынын едәуір үнемдейтінін баса айтты. Мәселен, қызметкерлер күдіктіні іздеп жүрмейді, ұялы байланысқа ақша шықпайды, оны алып келемін деп әуреленбейді және т.т.
Қолданар алдында, оның айтуынша, күдіктіге тиісті міндеттемелер қабылдау туралы ережелер түсіндіріледі, ал бақылаудағы адам жалпы денсаулығы және ешқандай қарсы көрсетілімдерінің болмауы үшін қажетті медициналық тексеруден өтеді.
Брифингте бұл білезік денеге киетін пассивті радиоэлектрондық модуль екендігі және айыпталушының аяғына бекітілетіндігі түсіндірілді.
- Салмағы - шамамен 80 грамм, сондықтан ыңғайсыздық туғызбайды. Оны алып тастауға әрекеттену немесе оны шұқылау жүйені іске қосып, диспетчерлік бөлім мен жауапты адамдарға дабыл белгісін береді. Егер адамның шынымен де осы білезікпен жүргенін анықтау керек болса, онда диспетчер батырманы басады, сол кезде құрылғыға хабарлама келеді және 5 минут ішінде адам оған жауап беріп, өзін суретке түсіріп, дауыстық хабарламаны кері жолдауы тиіс, - деп түсіндірді Аслан Құсайынов.