Елімізде республикалық экомарафон басталды

0
650

Шараның мақсаты қоғамның экологиялық мәдениетін көтеру.


Елімізде республикалық экомарафон басталды

ERNUR.KZ. Онлайн түрде өтіп жатқан шараға негізінен оқушылар қатысады, хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – балаларға экология туралы ақпарат беріп, кіштентай кезінен қоршаған ортаны қорғауға баулу. Осы арқылы қоғамның экологиялық мәдениетін көтеру.

Марафонда қатысушылар қоқысты сұрыптау, жарықты үнемдеу сынды дағдыларды қалыптастыруды үйренеді. Күн сайын олар жетекшілерден тапсырма алып, арнайы күнделіктерін толтырып отырады. Осылайша, «балалар пайдалы ақпаратты біліп, айналасындағыларды экологияға назар аударуға шақырады», дейді ұйымдастырушылар.


- Бүгінгі таңда біздің экомарафонымызға 1400-ге жуық қатысушы тіркелген. Сонымен қатар марафон туралы енді ғана білген балалар да қызығушылық танытып жатыр. Осы уақытқа дейін біз екі вебинар өткіздік. Біреуі қоқысты сұрыптауға қатысты және екіншісі – Zero Waste, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жүйесі туралы, - дейді Ecojer қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжанов.