Елімізде шетел валюталарына сұраныс артты

0
381

​Биыл ең белсенді сатып алушылар Шымкент тұрғындары болды, онда еуро 4 есе, ал доллар 3,5 есе көп саудаланған.


Елімізде шетел валюталарына сұраныс артты

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың қаңтар-маусымында айырбастау пункттерінде бірнеше елдің валютасына сұраныс қатар артқан, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, АҚШ долларын сату көлемі 4,9%-ға өсті және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 662,7 млрд теңгені құрады. Ал Ресей рубліне сұраныс бірден 38,4%-ға артып, 312,5 млрд теңгеге жетті. Еуро сату көлемі ең жоғары өсім көрсетті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7% жоғары, жалпы сомасы 114,2 млрд теңгені құрады. АҚШ долларын сату көрсеткішінің үштен екі бөлігі тек 2 мегаполиске тиесілі. Шымкент көш басында – 252,1 млрд теңге. Екінші орында Алматы тұр – 170,3 млрд теңге. Қазақстандықтар сатып алған ресей рублінің көлемі республикасының барлық 17 аймағындағы айырбастау пункттеріне өткізілген рубль көлемінен асып түсті.

Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-маусымында Қызылорда облысы тұрғындары сатып алғаннан 1,1 млрд теңгеге көп рубль тапсырды. Рубльдің таза сатылымы бойынша Ресеймен шекаралас аймақтар дәстүрлі түрде көш бастап тұр - Шығыс Қазақстан (45,3 млрд теңге), Павлодар (40,1 млрд теңге) және Батыс Қазақстан (39 млрд теңге) облыстары. Рубльге ең аз қызығушылық танытқандар - Қазақстанның оңтүстік аймақтарының тұрғындары. Түркістан, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында жалпы сомасы 7,8 млрд теңгеге көрші ел валютасы сатылған.

Биылғы жылдың маусым айындағы ресми бағам бір АҚШ доллары үшін 427,2 теңге, бір еуро үшін 515,4 теңге, бір рубль үшін 5,9 теңге болды. Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 13,8%-ға нығайды. Доллар 6,1%, ал рубль 1,4% ғана өсті. Бұл ретте биылғы мамыр айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда доллар мен еуро тиісінше 0,1% және 0,8%-ға, ал рубль 1,9%-ға қымбаттады.