Елімізде шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кетті

0
90

Суға кеткендердің бірі – Астанадағы 15 жастағы жасөспірім.


Елімізде шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

2025 жылғы шомылу маусымы басталғалы бері елімізде бес адам суға батып қайтыс болды.

Ведомство мәліметінше, суға кеткендердің бірі – Астанадағы 15 жастағы жасөспірім. Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер басқармасының бастығы Талғат Жамбауовтың айтуынша, оқиға 3 маусым күні Сарыарқа ауданында тіркелген. Жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде суға түсіп, қайтыс болды.

"2025 жылдың 9 маусымына дейін шомылу маусымы басталғалы бес адам суға кетсе, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 19-ға жетті. Оның ішінде жеті бала бар", – деді Талғат Жамбауов.

Оның айтуынша, қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – суға түсуге арналмаған орындарды таңдау, балаларды қараусыз қалдыру және құтқару кеудешесінсіз балық аулау.

Бұған дейін Ақмола облысында алты жасар баланың қаза тапқаны хабарланған. Бала 10 күн бойы іздестіріліп, кейін мәйіті Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.