Министрлік тиісті бұйрық жобасын әзірледі.
Фото: osken-onir.kz
ERNUR.KZ. Құжат "Ашық НҚА" порталына 27 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.
Энергетика министрлігі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қазіргі деңгейде қалдыруды жоспарлап отыр.
Құжатқа сәйкес, ішкі нарыққа биржадан тыс жеткізілетін газдың құны бұрынғыдай тоннасына 59 722 теңге (ҚҚС есепке алынбағанда) деңгейінде бекітілмек.
Аталған баға 2026 жылдың басынан бері өзгеріссіз келеді.


